|   |   |   |  Астана біріншілігі. Көш тізгіні "Зенитте"

Астана біріншілігі. Көш тізгіні "Зенитте"

Астана біріншілігі. Көш тізгіні "Зенитте"
Целиноград - Аrt Print 0:1

Футболдан Астана біріншілігінің екінші туры артта қалды. Дәл қазір командалардың әлеуеттеріне аздап баға бере бастауға болатын секілді.

Осы демалыс күндері өткен 2-тур ойындарынан кейін жеке-дара көш басына екі команда шықты. Біреуі «Зенит», екіншісі №8 СДЮСШОР-96. Екеуі де соңғы ойындарында жеңіске жетті. Соңғылары кеше «Целинникті» 5:3 есебімен тізе бүктірген. Ал Илья Меланич шәкірттері қала біріншілігінің дебютанты «Телекомды» 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Жалпы, бұл турда «Аrt Print» пен «Целиноград» кездесуінен басқа ойындардың барлығында гол көп соғылды. Бұл матчта ойын тағдырын жалғыз гол шешіп, «полиграфтар» жеңіске жетсе, қалған матчтардың барлығында да көрермендер әр ойында кемі алты голдан тамашалады.

Мәселен, дебютанттар дербиінде «Рузаевка» «Әулие Атаның» қақпасына жауапсыз алты гол соқса, №8 СДЮСШОР-98 бен «Астана-99» матчында бір гол айырмашылығымен спорт мектебінің өрендері жеңіске жетіп, 4:3 есебімен үш ұпайды қоржындарына салды.

Ал Әділ Шанабаев жаттықтыратын «Достар» үшін №8 СДЮСШОР-2000 жеткіншектерінің қақпасына жауапсыз сегіз гол соғу еш қиындық тудырған жоқ.

Жалпы, екі турдан кейін қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте. Десек те биылғы біріншілікте бас жүлдеден басты үміткердің «Зенит» екенін түсіну қиын емес. Илья Меланич командасы бірінші турда да мықтылықтарын дәлелдеп, азулы «Достарды» 3:0 есебімен ойсыратқан. Алайда «Школьник» пен «Рузаевканы» да қатардан шығаруға болмайды. Олар да өз ойындарын әзірге тек жеңіспен аяқтауда. Ал «Достар» тартысқа әдетте екінші айналымда кірісетінін ескерсек, Әділ Шанабаев шәкірттері үшін бар қызық әлі алда.


Рузаевка - Әулие-Ата 6:0

Қала біріншілігі (2-тур)

Әулие-Ата – Рузаевка 0:6

Голдар: Игорь Гульшин, 17. Әбілқайыр Кембаев, 28. Сұлтан Дүйсембаев, 47. Сұлтан Дүйсембаев, 52. Виктор Пасько, 53. Станислав Гопко, 70.

Целинник - №8 СДЮСШОР-96 3:5

Голдар: Тимур Курталиев, 17. Евгений Калыков, 23. Қайрат Тоқсанбаев, 35 – Дәулет Есбергенов, 12. Дәулет Есбергенов, 26. Қуат Сексембаев, 57. Сырым Альшикеев, 58. Қуат Сексембаев, 80.

Астана-99 - №8 СДЮСШОР-98 3:4

Голдар: Ерген Мұқатов, 48. Рамазан Кәрімов, 65. Рамазан Кәрімов, 68 – Әлібек Тұрарбеков, 4. Нұрбол Балтабаев, 17. Нұрбол Балтабаев, 26. Азыр Аккеров, 42.

Целиноград – Аrt Print 0:1

Гол: Аружан Құрбақов, 62.

Телеком – Зенит 1:6

Голдар: Е. Кузкенов, 70 – Асан Барлыбаев, 5. Дархан Юсупов, 33. Вячеслав Сердюков, 37. Вячеслав Сердюков, 41. Сергей Надточей, 59. Данияр Плотников, 80.

Достар - №8 СДЮСШОР-2000 8:0

Тізімге қайта оралу