|   |   |   |  Елорда кубогында ширек финалға шыққан командалар анықталды

Елорда кубогында ширек финалға шыққан командалар анықталды

Елорда кубогында ширек финалға шыққан командалардың барлығы анықталды. Бүгін ең соңғы болып, бұл кезеңге жолдаманы «Рузаевка» жеңіп алды.

«Рузаевка» – «МБЖМОР-98» 3:0

Голдар: Виктор Пасько, 29. Сұлтан Дүйсембаев, 45-пен. Фейзи Исмаилов, 74.

Ойынның 2-минутында Игорь Романенко пенальти орындай алмады.

Ойынның 73-минутында Фейзи Исмаилов пенальти орындай алмады.

Екінші лигамен қатар елорда біріншілігіне де қатысып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының «Рузаевкасы» жаңа маусымға барынша дайындықпен келіпті. Құрамында Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының да ойыншылары бар. Ойынның екінші минутында-ақ пенальти орындауға мүмкіндік алып, оны ойыншы-бапкері Игорь Романенко қиыс жіберді.

Одан кейін екі командаға да гол соғу оңай болған жоқ. Кездесу тізгіні негізінен «Рузаевка» жігіттерінің қолында болғанымен «МБЖСМОР-96» ойыншылары да қарап қалған жоқ. Алайда, 29-шы минутта Виктор Паськоның соққысынан кейін қақпаларынан доп алып шығуға мәжбүр болды.

Екінші тайм да Игорь Романенко шәкірттерінің толассыз шабуылдарымен өрбіп, спорт мектебінің түлектері ойын ережесін жиі бұзуға мәжбүр болды. Сондай шабуылдардың бірінде бас төреші Әлібек Әубәкіров тағы екі пенальтт белгілегенімен солтүстік қазақстандықтар оның біреуін ғана голға айналдыра алды. Жалпы, қорытынды есеп – 3:0, «Рузаевка» ойыншылары шеберліктері жоғары екендіктерін дәлелдеді.


Ширек финал жұптары:

ДОСТАР – ШКОЛЬНИК

РУЗАЕВКА – СДЮСШОР-96

ЦЕЛИННИК – ЦЕЛИНОГРАД

ЗЕНИТ – ӘУЛИЕ АТА

Тізімге қайта оралу