|   |   |   |  "Школьник" елорда кубогының ширек финалына шықты

"Школьник" елорда кубогының ширек финалына шықты

Елорда кубогында ширек финалға жолдама алған жетінші команда анықталды. Бүгін «Арт Принтті» 2:0 есебімен тізе бүктірген «Школьник» енді келесі кезеңде «Достармен» кездеседі.

«Школьник» – «Арт Принт» 2:0

Құрамы Айдар Күмісбеков, Қуаныш Әбдуәлиев сынды саңлақтармен толыққан «Школьник» жазғы біріншілікке үлкен дайындықпен келген секілді. 

Бұған дейін жасыл алаңда өзі жарқылдаған Максим Жалмағамбетов команда тізгінін өз қолына алып, жаттықтырушылыққа бет бұрыпты. Дегенмен, «Арт Принт» те маусымаралық үзілісті бекер өткізбеген. Ойыншыларының жартысын ғана емес, формасының түсін де өзгерткен екен.

Алайда, дәл қазір «полиграфтардың» «Школьникке» шамасы жетер емес. Бірінші таймның басында-ақ есеп ашқан «барселоналықтар» үзілістен кейін тағы бір гол соғып, матчты 2:0 есебімен өз пайдаларына аяқтады.

Енді ертең «Рузаевка» командасымен МБЖСМОР-98 командасы кездеседі. Қай жеңгені ширек финалда МБЖСМОР-96 жігіттерінің қарсыласы атанбақ. Ал ширек финалдың өзге екі жұбын «Целинник» – «Целиноград» және «Зенит» – «Әулие Ата» командалары құрады.

Тізімге қайта оралу