|   |   |   |  "Достар" да ширек финалға шықты

"Достар" да ширек финалға шықты

"Достар" да ширек финалға шықты
Достар – МБЖСМОР-2000

Елорда кубогының ширек финалына жолдама алған алтыншы команда белгілі болды. МБЖСМОР командасының жасөспірімдерімен кездескен «Достар» қарсыласының қақпасына жауапсыз алты гол соқты.

Достар – МБЖСМОР-2000 – 6:0

Голдар: Максим Казначеев, 13. Туған Хамхоев, 31. Біләл Насыров, 40. Ришат Махатов, 60. Нұрзат Оралов, 61. Нұрзат Оралов, 66.

Ойынның 2-минутында Білән Насыров (Д) пенальти орындай алмады.

Ойын бірден Әділ Шанабаев шәкірттерінің шабуылымен басталып, екінші минутта-ақ есеп ашатын мүмкіндіктері болды. Бірақ 11 метрлік айып добын орындауда Біләл Насыров оңбай қателесті. Дегенмен, МБЖСМОР жеткіншектерінің қуаныштары ұзаққа созылмады. Арада он минут өткенде-ақ қақпаларында теңбіл доп тулап жатты. Голды соққан қорғаушы Максим Казначеев еді. Бұдан кейін команда капитаны Туған Хамхоев есепті еселесе, үзіліске шығар сәтте Біләл Насыров өзінің екінші минуттағы қателігін түзеп, қарсылас қақпасына үшінші голды соқты.

Осылайша бірінші таймды 3:0 есебімен аяқтаған «Достар» екінші таймда да тыншымады. Нұрзат Оралов дубль жасаса, Ришат Махатов бір гол соғып, таблодағы көрсеткішті 6:0-ге жеткізді.


Нұрзат Оралов жеткіншектер қақпасына алтыншы голды соқты

Тізімге қайта оралу