|   |   |   |  Астанада жазғы футбол маусымы басталды

Астанада жазғы футбол маусымы басталды

Астанада жазғы футбол маусымы басталды
Жазғы маусымның алғашқы ойыны МБЖСМОР-96 мен Телеком арасында өтті

Бүгін әуесқой командалар арасындағы елорда кубогы басталды. «Астана-Арена» стадионында өткен алғашқы ойындардың қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алған бес команда анықталды.

Айта кетейік, жеребе қорытындысы бойынша «Целиноград» пен «Әулие-Ата» командалары автоматты түрде ширек финалға шығып қойған болатын. Бүгін солардың қатарына МБЖСМОР-96, «Зенит» және «Целинник» қосылды.

МБЖСМОР-96 жігіттері үшін ойын сәтсіз басталған. Манат Тәшенов бастаған «Телеком» командасымен кездескен. «Байланысшылар» матчты қарқынды бастап, бірінші болып гол соққанымен жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Екінші таймда шабуылдарын үдеткен спорт мектебінің түлектері Қуат Сексембаев пен Айзат Берсембаевтың соққан голдары арқылы жеңісті жұлып алды. Негізі тағы бір гол соққан. Алайда, қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп, офсайдтың болғанын көрсетті.

Ал қысқы маусымда басты фавориттердің бірі болған «Зенит» тек пенальти сериясынан кейін ғана жеңіске жете алды. «Астана» футбол орталығының 1998 жылғы жастарына қарсы алаңға шыққан Илья Меланич шәкірттері тіпті, 0:2 есебімен жеңіліп те жатқан. Тек Айдос Тоқтаровтың үш минуттың ішінде соққан екі голынан кейін ғана есепті теңестірді. Ал пенальти сериясында сәттілік «Зенит» жағында болып, 11-метрлікті орындаудан дәлірек болды.

«Целинникке» ширек финалға шығу аса қиындық туғызбады. Ардагерлер командасы «Астана» футбол орталығының 1999 жылғы жасөспірімдерін 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді ертең таңертең қысқы біріншіліктің күміс жүлдегері «Достар» МБЖСМОР-2000 командасынан емтихан қабылдайды. Ал дүйсенбі күні кешкісін «Школьник» пен «Art Print» ширек финалдың жолдамасын сарапқа салса, сейсенбіде «Астана-Аренаның» жасыл алаңына «Рузаевка» мен МБЖСМОР-98 жігіттері шығады.


МБЖСМОР-96 – Телеком 2:1. "Байланысшы" Самат Жұмабаевқа дәрігер көмегі көрсетілуде

Елорда кубогы (1/8-финал)

7 мамыр күнгі ойындар

МБЖСМОР-96 – ТЕЛЕКОМ 2:1 (0:1)

АСТАНА-98 – ЗЕНИТ 2:2 (1:0). 1:3-пенальтиден

ЦЕЛИННИК – АСТАНА-99 3:1 (2:1)

8 мамыр (жексенбі)

11.00 ДОСТАР – МБЖСМОР-2000

9 мамыр (дүйсенбі)

20.00 ШКОЛЬНИК – ART PRINT

10 мамыр (сейсенбі)

18.15 РУЗАЕВКА – МБЖСМОР-98

Тізімге қайта оралу