|   |   |   |  Астанада колледждер арасындағы біріншілік басталды

Астанада колледждер арасындағы біріншілік басталды

Астанада колледждер арасындағы біріншілік басталды
Колледждер арасындағы біріншілік

Футзалдан елордамыздың Жоғары оқу орындары арасындағы Студенттер лигасы аяқталысымен Астана футбол федерациясы үлкен футболдан колледждер арасындағы қала біріншілігін де қолға алды.

Колледждер арасындағы қала біріншілігі мамырдың 3-і мен 19-ы аралығында өтеді. Екі топқа бөлінген командалар алдымен 7 мамырға дейін іріктеу кезеңін өткізіп, әр топтан үздік үш командадан финалдық кезеңге жолдама алады. Одан кейін осы айдың 16-сы мен 19-ы алты команда өзара мықтыны анықтап, бас жүлдені сарапқа салады.

Ойындардың барлығы «Жас батыр» стадионында өтуде. Студенттер лигасына 12 команда қатысып жатыр.

"А" тобы

1. Астана гуманитарлық колледжі (АГК);

2. «Даналык» медициналық колледжі;

3. Басқару колледжі (БК);

4. Медико-техникалық колледж (МТК);

5. Д.А.Қонаев атындағы университеттің колледжі (Қонаев колледжі);

6. Медициналық колледж (Медколледж);

"Б" тобы:

1. Ақмола көлік және коммуникация колледжі (АКТК);

2. Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі (ҚазТжБУК);

3. Еуразия гумманитарлық институтының колледжі ( ЕГИК);

4. Менеджмент және бизнес колледжі (МжБК);

5. Астана политехникалық колледжі (АПК);

6. Кәсіби-техникалық колледжі (КТК)

1-тур (3 мамыр)

10:00. АГК – Даналык

11:20. БК – МТК

12.40. Қонаев колледжі – Медколледж

14:00. АКТК – ҚазТжБУК

15:20. ЕГИК – МжБК

16:40. АПК – КТК

Тізімге қайта оралу