|   |   |   |  Астана біріншілігінің жазғы маусымы басталады

Астана біріншілігінің жазғы маусымы басталады

Астана біріншілігінің жазғы маусымы басталады
"Астана-Аренада" жаз бойы тағы да тартыс

Кеше Астана футбол федерациясының кеңсесінде қала біріншілігінің жазғы маусымының ұйымдастырылу мәселелері бойынша жиналыс өтіп, қатысушы командалардың өкілдеріне доданың жүйесі таныстырылды.

Әзірге Астана қаласының біріншілігіне қатысуға 12 команда өтініш білдірген. Дегенмен, алдағы аптаның соңына дейін командалар саны 16-ға көбейеді деп жоспарлануда. Екі айналымнан тұратын толыққанды біріншіліктің барлық ойындары елордамыздың «Астана-Аренасында» және жекелеген кездесулер Қажымұқан атындағы сталионында өтеді.

Біріншіліктің бірінші туры мамыр айының алғашқы күндеріне жоспарланған. Сәуірдің 28-і күні Астана футбол федерациясының кеңсесінде чемпионатқа байланысты толыққанды жиналыс өтіп, сол жерде командалардың нақты саны мен ойындар кестесі жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қала біріншілігінің жазғы маусымын «Прогресс.kz» командасы жеңіп алған болатын. Ал қысқы біріншілікте «Прогресстің» ізін басқан «Астана-1964» командасына қарсылас шақ келмеді. 

Тізімге қайта оралу