|   |   |   |  Антон Чичулин, Дидар Сыдықбек және қала біріншілігінің басқа да жұлдыздары

Антон Чичулин, Дидар Сыдықбек және қала біріншілігінің басқа да жұлдыздары

Антон Чичулин, Дидар Сыдықбек және қала біріншілігінің басқа да жұлдыздары
Дидар Сыдықбек (оң жақта) бүгінде "Астана-64" командасын өрге сүйреп жүр

Еліміздің бас стадионы «Астана-Аренада» өткен футболдан қала біріншілігінің 5-турынан кейін көшбасшылар мен аутсайдерлердің арасы бұрынғыдан да алшақтай түсті.

Антон Чичулиннің тамаша пасынан кейін әріптесі әдемі гол соғып, командасын алға шығарды. Иә, дәл осындай аннотацияны Қазақстан Премьер-лигасының ойындарына да пайдалануға болады. Дегенмен, қала біріншілігінде де жұлдызды ойыншылар аз емес. Солардың бірі – Антон Чичулин. Қысқы маусымаралық үзілісті тиімді пайдаланып жүрген «атыраулық» Антон Чичулин кейбір әріптестері секілді жылы жаққа ауып кеткен жоқ, бүгінде қалалық «Достар» командасының намысын қорғауда. Жарақат алудан сақтанып, аяғын тартып қалған кезін де көрмедік. «СДЮСШОР №8-1997» командасымен болған ойында ең белсенділердің бірі болды. Әріптесіне әдемі пас шығарып, сары қағаз алды, ал кездесудің соңында өзі де гол соғып, «Достарға» жеңісті жұлып әперді.

Осылайша «Достар» бірде-бір ұпай жоғалтпай, көшбасшылар қатарында келеді. Сондай-ақ, бұлардан бөлек, ұпай жоғалтпаған тағы төрт команда бар. Олар: «Школьник», «Зенит», «Наша Кампания» және «Астана-1964». Соңғылары капитан Дидар Сыдықбектің хет-тригі мен Жоламан Табиғаттың тура соққысының арқасында қарсыласы «СДЮСШОР №8-2000» командасын 4:0 есебімен ойсыратты.

Сонымен қатар, тағы бір тартысты ойын «Целиноград» пен «Астана-1999» командасы арасында өрбіді. Бір кездері Қазақстан ұлттық құрамасының лидері болған Константин Котовтың «Астанасы» ойынды тартысты бастап, бірінші таймның қорытындысы бойынша 2:0 есебімен алға шыққанымен екінші таймда «Целиноградтың» қарқынына шыдай алмады. Қаһарына мінген «Целиноград» үзілістен кейін үш гол соғып, жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, қала біріншілігінің бірінші кезеңі 7 ақпанға дейін созылады да, одан кейін 13 команда екі топқа бөлініп, үздіктері жүлделі орындарды сарапқа салады.


"Целиноград" - "Астана-99" матчы тартысқа толы болды.

                                                               Астана қаласының қысқы біріншілігі

5-тур

10 қаңтар

СДЮСШОР – Достар 2:3  

Наша Кампания – Целинник 3:1

СДЮСШОР №8-2000 – Астана-1964 0:4  

Зенит – Астана 1998 2:1

Целиноград – Астана-99 3:2


                                                             7-турдың шегерілген ойыны

Аrt Print – СДЮСШОР №8-98 1:0


Қала біріншілігінің 5-турдан кейінгі турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу