Главная страница

Жаңа 2018 жыл құтты болсын!

Жаңа 2018 жыл құтты болсын!

Данышпан бабаларымыз айтқандай, «ескі жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа!». Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына енді. Ертең 2018 жыл күнтізбедегі өз орнын алады.

Барша оқырмандарымыз бен отандастарымызды, жерлестеріміз бен қандастарымызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын. Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын!

Жаңа 2018 жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман, аспанымыз ашық болсын! Ауызбіршілігіміз берік, болашағымыз жарқын болсын! Әр отбасына құт, береке, ырыс, ынтымақ ала келсін. Халқымыздың әл-ауқатыт арта берсін. Әр шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік, дастарханы мол болсын!

Футболымыз қарыштап дамып, аяқдобымыздың абыройы арта берсін. Ел чемпионатында бәсекелестік арта түсіп, добымыз түзу ұшсын. Ұлттық құрамамыз жеңіске жетіп, FIFA рейтингісінде жоғары өрлесін. Еурокубок додаларында бақ сынайтын клубтарымыз жанкүйерлерімізді қуанышқа бөлеп, УЕФА-ның екі лигасының да топтық кезеңіне шығып, тарихи жетістіктеріміз көбейе түссін. Стадиондарымыз көрерменге, қоржынымыз ұпайға толсын!

Тізімге қайта оралу