Главная страница
 |   |   |   |  Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Фото inform.kz сайтынан

Бұл күн ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған – Ұлы күн.

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік-бақыт, бақ-дәулет, ырыс-береке тілейміз.

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Возврат к списку