Главная страница
 |   |   |  Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары Астанада Жаттықтырушылар курсына қатысты

Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары Астанада Жаттықтырушылар курсына қатысты

Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары Астанада Жаттықтырушылар курсына қатысты
Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары Астанада Жаттықтырушылар курсына қатысты

Астанада Жаттықтырушылар курсы мәресіне жетті. Бір аптаға жалғасқан Жаттықтырушылар курсына еліміздің әр аймағынан тыңдаушылар келіп, еліміздің білікті мамандарынан дәріс алды.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Жаттықтырушылар курсы бұрынғыдан сәл ерекшелеу болды. Бұған дейін «С» санатының курсына тек жастар ғана қатысушы еді, бұл бапкерлік жолын бастағанына біраз болған тәжірибелі мамандар да көп болды. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Максим Азовский мен жастар құрамасының экс-футболшысы Дидар Сыдықбек те болды.

– Бұл бізді ерекше қуантты. Өйткені, бұл дегеніміз жаттықтырушылыққа деген сұраныстың көбейгенін көрсетеді. Оның үстіне, сертификатсыз жұмыс істеу де қиын екендігін байқатады. Жаттықтырушылар курсына Ақтөбе, Алматы, Атырау, Орал, Шымкент, Қарағанды, Қостанай сынды қалалардан да жас жаттықтырушылар келіп қатысып жатты. Бұл сертификат үш жылға жарамды. Одан кейін олар қайтадан курсқа қатысып, білімдерін жетілдірулері қажет, - деді Астана футбол федерациясының менеджері Данат Мұхаметғалиев.

Сертификаттар табыстау рәсімі Астана футбол федерациясының кеңсесінде өтті. Бұл сертификаттар жаттықтырушыларға балалар футболында жұмыс жасауға және әуесқой футбол командаларын жаттықтыруға құқық береді.

– Футболшылық карьерамды аяқтағаннан кейін бірден қызметпен айналысып кеттім. Қазір Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қорында менеджерлік қызметтемін. Курсқа басшыларымның қолдауымен келдім. Олар да менің құлшынысымды қолдап отыр. Бір жағынан Елорда біріншілігіне қатысатын «Бірінші Президент қоры» командасының капитаны, әрі жаттықтырушысымын. Осы курста жиған тәлімімді қалалық біріншілікте пайдаланып көрмекпін. Болашақта сәті түсіп жатса, кәсіпқой футболда да бапкерлік қызмет атқарармын. Тіпті, мұндай курстар менеджерлік қызметте де пайдасын береріне сенімдімін, - деді Курсқа қатысып, «С» санатындағы сертификатқа ие болған Дидар Сыдықбек.

Енді Астана футбол федерациясы «С» санатындағы келесі жаттықтырушылар курсын келесі жылдың алғашқы жартысында өткізуді жоспарлап отыр.  

Тізімге қайта оралу