Главная страница
 |   |   |  Екі жылда Астанада бесінші Жаттықтырушылар курсы өтіп жатыр

Екі жылда Астанада бесінші Жаттықтырушылар курсы өтіп жатыр

Екі жылда Астанада бесінші Жаттықтырушылар курсы өтіп жатыр
Екі жылда Астанада бесінші Жаттықтырушылар курсы өтіп жатыр

Елордамыз Астанада «С» санатындағы Жаттықтырушылар курсы басталды. Екі жылда бесінш рет өтіп жатқан курсқа бұл жолы 30-ға жуық болашақ бапкерлер қатысуда.

Елордалық тыңдаушылардан бөлек, Ақтөбеден бес, Атырау, Орал, Ақтау қалаларынан да бір-бір қатысушыдан бар. Осы аптаның соңына дейін жалғасатын Жаттықтырушылар курсынан кейін тыңдаушыларға «С» санатындағы сертификаттар табысталады. Бұл болашақ бапкерлерге балалар мен әуесқой футбол командаларын жаттықтыруға мүмкіндік береді. 

Айтпақшы, тыңдаушылардың арасында Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Максим Азовский де бар. «Ағам Егордың айтуымен келдім» деген Максим өзгелермен бірге дәріс тыңдап отыр. Ал ақтөбеліктерді аймақтық Дене шынықтыру және спорт басқармасы Астанаға арнайы жіберіпті.

– Ақтөбеде Орталық стадионда балалар жаттықтырамыз. Бірақ сертификатсыз қиын. Бүгін футбол ережесі, футболдағы төрешілік, балалар психологиясы тақырыптарында біраз дәріс алдық. Ұнап жатыр, - деді Ақтөбеден келген Елнұр Санғұлов.

Тізімге қайта оралу