Главная страница
 |   |   |  Ел кубогының финалында алғаш рет астаналық төрешілер қызмет етті

Ел кубогының финалында алғаш рет астаналық төрешілер қызмет етті

Ел кубогының финалында алғаш рет астаналық төрешілер қызмет етті
Ел кубогының финалында алғаш рет астаналық төрешілер қызмет етті

Ақтөбеде өткен «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы Ел кубогының финалында астаналық төрешілер қызмет етті.

Айта кетейік, бұрын-соңды астаналық арбитрлар Қазақстан кубогының финалында төрелік етпеген. Бұл жолы ФИФА ассистенті Әлібек Әубәкіров бас төрешінің бірінші көмекшісі ретінде қапталда қызмет етсе, Марат Ысқақов пен Тимур Қумашев қос қақпаның сыртында бақылап тұрды.

Қалған екі төрешінің біреуі қарағандылық Артем Кучин бас қазының қызметін атқарса, екібастұздық Дмитрий Будниченко арқы қапталдан көмектесті.

1:0 есебімен Алматы командасының жеңісімен аяқталған кездесуде бірде-бір ескерту қағазы көрсетілген жоқ. Есесіне Әлібек Әубәкіровтің бас төрешіге айтуымен 87-ші минутта алаңнан шығып бара жатқан «қайраттық» Жерар Гоуға қызыл қағаз көрсетті. Жанкүйерлерге қолын шошайтып, ерсі әрекет жасаған Жерар енді жеті ойыннан алаңнан шеттетілуі мүмкін.

Ойыннан кейін Қазақстан футбол федерациясы Төрешілер және нұсқаушылар департаментінің директоры Николай Левниов төрешілерге жоғары бағасын беріп, еуропалық деңгейдегі қызметтері үшін алғыс айтты. 

Тізімге қайта оралу