Главная страница

Құрбан Айт қабыл болсын!

Құрбан Айт қабыл болсын!
Фото ummet.kz сайтынан алынды

Құрбан айт қабыл болсын! Алладан рахым, пайғамбардан шапағат келсін!

Құрбан айт – жүрекке жылу сыйлайтын, жер жаһандағы адамзаттың барлығын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратын күн. Адамзат баласы бұл күні құлшылық, ғибадаттарын арттырып, құрбандық шалу сияқты сауапты істерімен Аллаға жақындай түсуге ұмытылады. Құрбан сөзі араб тілінен аударғанда, «жақындау» деген мағынаны білдіреді екен.

Мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына береке, бақыт, бақ қонсын! Жаратушы иеміз сүйікті Отанымыздың, туған жеріміздің, Тәуелсіз Қазақ елінің мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра түссін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Әумин!

Тізімге қайта оралу