|   |   |  Төреші болғың келсе, хабарлас!

Төреші болғың келсе, хабарлас!

Төреші болғың келсе, хабарлас!
Төреші болғың келсе, хабарлас!

Футбол төрешісі болғың келе ме? Пьерлуиджи Колина, Равшан Ирматов сияқты алаңда ысқырып жүруді армандайсың ба? Онда бізге хабарлас!

Астана футбол федерациясы футболдан Жас төрешілер мектебінің келесі курсына тыңдаушыларды жинау науқаны басталғанын хабарлайды. Курс жетекшісі – Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ФИФА ассистенті Әлібек Әубәкіров.

Әдетте төрешілер курсы қыркүйек айынан мамыр айына дейін созылады. Осы аралықта «болашақ арбитрлар» футбол ережесін толық меңгеріп, төрешіліктің қыр-сырын үйреніп шығады. Сондай-ақ, тәжірибелік сағаттарда тыңдаушылар әуесқой футболдан Астана біріншілігінің ойындарын, Студенттер лигасы мен Оқушылар лигасында төрелік жасауға мүмкіндік алады.

– Басында бізге бәрі де бәрін білемін деп келеді. Алайда, екі-үш сабақтан кейін түк білмейтінін мойындайды. Жас төрешілер мектебінен дәріс алып шыққан тәлімгер Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер комитетінде тіркеліп, жақсы көзге түскендері ел ішілік біріншіліктерге төрелік жасауға жіберіледі. Бәрі де бірден емес, әрине. Алдымен өзіңді осы сабақта көрсетіп, одан кейін Астана ішіндегі футбол турнирлерінде тәжірибе жинақтауың керек. Содан кейін республикалық ауқымдағы додаларға түсесің. Егер барлық сатыдан өтіп, біліктілігіңді дәлелдеп жатсаң, онда Қазақстан Премьер-лигасында, одан кейін халықаралық турнирлерде төреші болуға мүмкіндігің бар, - деді Әлібек Әубәкіров. 

Төрешілер мектебіне жазылу үшін мына нөмірге хабарласыңыз +7 701 123 54 45

немесе 87011235445@mail.ru электрондық пошта арқылы да хабарласуыңызға болады. 

Тізімге қайта оралу