|   |   |  Қазаққа құт дарытқан Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Қазаққа құт дарытқан Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Қазаққа құт дарытқан Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Төрлет, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсақ та, жол болсын!

Қазақ тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіретін Наурыз мейрамы ежелгі заманнан жыл басы мерекесі болып қалыптасқан.

Бұл – қыс көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып-жаңаратын, табиғат әлемінің көгеріп-көктейтін шағы. Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін, Күн мен түннің теңелетін кезеңі.

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Наурыз – тек табиғаттың түлеп, жаңаратын шағы ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Жаңару мен тазарудың, махаббат пен сұлулықтың мерекесі!

Барлық оқырмандарымызды Наурыз мейрамымен, яғни жадырап атқан таңмен шапағатын шашқан Ұлыстың ұлы күнімен; ыстық пен суықтың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мейрамымен; қаһарлы қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Адамзат мерекесімен құттықтаймыз.

Әрбір күндеріңіз шуақты болсын! Наурыз барлығыңызға құт-береке әкелсін! Заман талабына сай, әрдайым өсу мен дамуды ойлап, ырыс пен табысқа кенеле беріңіздер.

Тізімге қайта оралу