|   |   |  Футбол. Фактілер. Ақпарат порталының таныстырылу рәсімі өтті

Футбол. Фактілер. Ақпарат порталының таныстырылу рәсімі өтті

Футбол. Фактілер. Ақпарат порталының таныстырылу рәсімі өтті
ФФА сайт

Бүгін Алаштың спорт аренасына жол тартқан «Футбол. Фактілер. Ақпарат», яғни sportsffa.kz порталының ресми тұсаукесер рәсімі өтті. Astana mall сауда орталығының Сoworking Multispace мәжіліс залында өткен салтанатты шараға елордамыздың тілшілерінен бөлек, Алматы қаласының да журналистері келіп қатысты.

Алдымен БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлеген Астана футбол федерациясының президенті Лашын Аймағамбетов журналистер қауымы үшін аталмыш порталдан әрдайым орын табылатынын айтып, бұл сайт негізінен оқырмандарын сараптамалық мақалалармен қуантатынын жеткізді. Одан кейін сөз алған АФФ Вице-президенті Әлия Дүйсекеева журналистер қауымына Федерацияның жұмыстарын бейнеслайд жүзінде таныстырып, sportsffa.kz порталының әр айдарына кеңінен тоқталып шықты.

Назарларыңызға «Футбол. Фактілер. Ақпарат» порталының тұсаукесер рәсімінен толық фоторепортаж ұсынамыз.






















Тізімге қайта оралу