БАҚ өкілдерінің назарына!

БАҚ өкілдерінің назарына!
БАҚ назарына

Құрметті әріптестер! Сіздерді, игі ниетпен, Астана футбол федерациясының жаңа сайтының, яғни «Футбол. Фактілер. Ақпарат» порталының тұсаукесер кешіне шақырамыз.

Астана футбол федерациясы – елордада футбол ойынын бұқаралық сипатта дамыту мен жетілдіре түсуді жүзеге асырушы қоғамдық ұйым. Федерацияның мүддесі мен міндетін оның «Футболды бізден бастаңыз» деген ұраны да айқындап тұр.

Астана футбол федерациясының жаңартылған сайтының бұрынғы нұсқасынан айырмашылығы – АФФ электронды басылымының толыққанды ақпараттық-сараптамалық «Футбол. Фактілер. Ақпарат» порталына айналуы.

Бүгінде жаңа сайт тек Астана футболының тыныс-тірлігінің ғана емес, жалпы қазақ футболының да сараптамалық тұрғыдағы насихатшысы болуды көксейді.

Басқадай мәліметтерді Тұсаукесер кешінде біле аласыздар. Астана футбол федерациясының басшылары мен барлық мамандары сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге әзір.

Сіздерді жұма күні, яғни 18 наурызда Astana Mall сауда кешенінде (Тәуелсіздік көшесі, 34), 4-қабаттағы Сoworking Multispace жиын залында күтеміз. Басталуы – сағат 11:00.

Үйлестіруші тұлға – Оксана Хашагульгова (+7-705-109-66-11)

Тізімге қайта оралу