|   |   |  Астанада Студенттер лигасы басталады

Астанада Студенттер лигасы басталады

Астанада Студенттер лигасы басталады
Студенттер лигасының жеребесі

Ертең, яғни наурыздың 10-ы күні футзалдан елордамыздағы Жоғарғы оқу орындарының Студенттер лигасы басталады. Бүгін осыған байланысты Астана футбол федерациясының кеңсесінде алқақотан жиын өтіп, Лиганың ойындар кестесі белгілі болды.

Екі жарым айға созылатын турнирге барлығы сегіз команда қатыспақ. Лига екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде командалар өзара екі реттен кездеседі. Сөйтіп, ұпайы жоғары төрт команда финалдық кезеңге жолдама алып, 28 сәуірде турнирдің екінші жартысы басталады. Бұл кезеңде үздік шыққан төрт команданың бұған дейінгі ұпайлары жойылып, олар өзара қайта бір-бірімен кездесіп шығады. Лиганың бірінші кезеңі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт залында өтеді. Ал финалдық кезеңнің ойындары Назарбаев университетінің алаңында өтеді деп жоспарлануда.

Студенттер лигасының қорытындысы бойынша үздік үш команда марапатталып, бес номинацияның (үздік қақпашы, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік сұрмерген, үздік ойыншы) иегерлері анықталады.

Ерік Чинчанлинов, Астана футбол федерациясының менеджері:

– Елордамызда Жоғары оқу орындары арасындағы турнирлер аз емес. Бірақ, Астана футбол федерациясының басты мақсаты – студенттердің додасын жоғарғы деңгейге көтеру. Осы орайда Лигаға қазылық жасау үшін Қазақстан Премьер-лигасы мен Бірінші лигасында қызмет етіп жүрген төрешілерді шақырып отырмыз. Болашақта тек футзалдан ғана емес, үлкен футболдан да Студенттер лигасын ұйымдастыру жоспарда бар.


Студенттер лигасының 1-туры

10.03.2016 ж.

11:00. «Астана» медициналық университеті – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-2

12:00. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – «Тұран-Астана» университеті

13:00. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-1 – Назарбаев университеті-1

14:00. Қаржы академиясы – Назарбаев университеті-2

Тізімге қайта оралу