|   |   |  Үздік алтылықтан қайсысы тыс қалады?

Үздік алтылықтан қайсысы тыс қалады?

Үздік алтылықтан қайсысы тыс қалады?
Үздік алтылықтан кім тыс қалады?

«Астана-Аренадағы» ойындар, «Астана» спорт кешеніндегі тартыстар, «Самұрық» саңлақтарының айқастары... Бір сөзбен айтқанда алдағы демалыс астаналық футболсүейр қауым үшін аса қызықты болайын деп тұр.

Футболдан қала біріншілігінің бірінші кезеңі мәресіне жетіп қалды. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңнен кейін турнир кестесі екіге бөлініп, үздік алтылық жүлделі орындарды сарапқа салса, ал қалған жеті команда 7-13 орындар үшін арпалыспақ. Айтпақшы, командалардың ұпай сандары да екіге бөлінеді. Егер ұпайы тақпен аяқталса, онда екіге бөліну барысында жоғары ұпайға қарай басымдық беріледі. Яғни, егер бір команда 15 ұпай жинаса, онда екінші кезеңді 8 ұпаймен бастайды.

Енді осы аптада бізді қандай айқастардың күтіп тұрғанына тоқталайық. Әлбетте, 12-турдың орталық кездесуі «Школьник» – «Достар» матчы болмақ. Командалардың арасын небәрі үш-ақ ұпай бөліп тұр. Дегенмен, «Достар» фавориттерге қарсы ойында ақсап қалып жүр. Екінші турда «Зенитке» есе жіберді, одан кейін «Астана-1964» командасынан ойсырай жеңілді. Иә, «Школьниктің» де жеңілісі бар. Алайда, ертеңгі матчқа тыңғылықты дайындалып баратындықтары анық. Құрамында да саптан шыққан ешкім жоқ. Ал «Достар» сапында Олжас Сүлейменов ойнамайды деседі.

Бұдан бөлек, жексенбі күні өтетін «Зенит» пен «Наша Кампания» ойыны да көпшілік күткен тартыстардың бірі. Рас, білікті бапкер Илья Меланичтің қарамағында жаттығатын «Зенит» әлі ұпай жоғалтып көрген жоқ. «Кампашкаға» қарсы да алаңға тек жеңіс үшін шығатыны анық. Қаншалықты шамасы жететінін жексенбі күні кешкісін анықтаймыз.

Ал ең қызықты, тартысты, маңызды матч «Целинник» пен «Art Print» арасында өтеді деп күтілуде. Бірі 6-шы, екіншісі 7-орынға жайғасқан. Екі команданың да еншісінде 15 ұпайдан бар. Екеуі де сенбі күні өтетін ойындардан аса көп үміт күтпейді. Себебі, «Целинник» «Зенитпен» кездессе, «полиграфтар» «Астана-1964»-ке емтихан тапсырады. Ал жексенбі күні өзара кездесіп, үздік алтылықтың жалына жармасатын команданы анықтамақ.

Астана қаласы қысқы біріншілігінің ойындар кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.


"Самұрық-лига" саңлақтары 

«Самұрық-Қазына» лигасында қай командалардың жүлде үшін жүгіріп, кімдердің құр далбалақтап жүргендері анықтала бастады. «ҚазМұнайГаз-РД», «КеденТрансСервис-ҚТЖ», «Телеком» командаларының мақсаттары айқын. Бұлар жүлде үшін жанталасып, әр ойында тер төгіп жүр. Алдағы турда да қарсыластарын жеңу үшін ғана алаңға шығатындықтары сөзсіз. Десек те, «теміржолшыларға» ертеңгі ойын оңайға соқпайын деп тұр. Олар турнир кестесінде төртінші орында келе жатқан «Астана» халықаралық әуежайының командасымен кездеспек.

Сонымен қатар, жексенбі күні «Астана» спорт кешенінде «Самұрық-Қазына» кубогының жартылай финалдық ойындары өтпек. Паркетте «ҚазМұнайГаз» – «ҚазАтомПром» и «Телеком» – «КеденТрансСервис» командалары кездесіп, финалға шығатын екі үздікті анықтайды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ширек финалдың тек бір ойыны ғана өткен болатын. Осы жолы төрт ұжым да жартылай финалға үлкен жауапкершілікпен келеді деп үміттенеміз.

«Самұрық-Қазына» лигасының ойындар кестесі мына сілтемеде.

Футзалдан қала біріншілігінің де өз көшбасшылары бар. Әзірге «Есіл» командасы ешкімді жеткізер емес. Осы жолы олар «Достармен» кездеседі. Олар да оңай шағылар жаңғақ емес. Турнир кестесінде үздік үштікте орналасқан. «Аланның» алғыр команда екенін өткен турда көрдік. Бұл жолы «жолбарыстың балалары» еш қиындықсыз «Целиноградты» жеңуі тиіс. Ал «Ярыш» пен №8 МБЖСМОР командалары арасындағы ойында кімнің фаворит екені айтпаса да түсінікті болар.

Футзалдан қала біріншілігінің ойындар кестесін мына сілтеме бойынша көре аласыздар. 

Тізімге қайта оралу