|  Астана футбол федерациясы

Астана футбол федерациясы

АСТАНА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Астана қаласының футбол федерациясы – Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт" заңына сәйкес, 2014 жылдың 3 шілдесінде ресми түрде тіркелген. 

Басты мақсаты – елордамызда бұқаралық футболды дамыту мен жан-жақты тарату.

Астана футбол федерациясы футбол, футзал, шағын футбол турнирлерін ұйымдастырады:

  • Футболдан Астана біріншілігі
  • Футболдан Астана кубогы
  • Футболдан Астана қысқы біріншілігі
  • Футболдан Астана қаласының қысқы кубогы
  • Футзалдан Астана қысқы біріншілігі
  • Футзалдан Астана қаласының қысқы кубогы
  • Шағын футболдан Астана біріншігі
  • Шағын футболдан "Самұрық-Қазына" лигасы
  • Шағын футболдан "Самұрық-Қазына" кубогы
  • Футзалдан "Самұрық-Қазына" лигасы
  • Футзалдан "Самұрық-Қазына" кубогы
  • Астана Оқушылар лигасы
Сондай-ақ, ардагерлер арасында блиц-турнирлер мен турнирлер ұйымдастырылады.

АФФ қызметі мұнымен шектелмейді. Федерация тұрақты түрде жаттықтырушылар, төрешілер, инспекторлар және футбол менеджерлерін оқытып, дайындаумен айналысады.

Басты бағыттарының бірі – балалар футболы. Осы орайда балаларды және әуесқой футбол командаларын жаттықтыруға мүмкіндік беретін "С" санатындағы бапкерлерді дайындау курстарын өткізіп отырады. 2015 жылдың мамыр айында "Балалар футбол орталығы" ашылып, онда болашақ футбол жұлдыздарын тәрбиелеуде. 

Маңызды шаралар мен додалар арқылы футболды дамыту мен насихаттау – Астана футбол федерациясының тағы бір басты аспектілерінің бірі.

Футбол бізбен басталады!