Нақты менің балам футболмен айналыса алады ма?

Барлық елде футбол бұқаралық спорт түрі болып табылады. Ата – аналар мен балалар үшін біз ақысыз сынақ сабақтарын өткіземіз. Онда біздің жаттықтырушылар баланың мүмкіндіктерін анықтайды және оқытудың жеке бағдарламасын құруға көмектеседі.спорт секцияларына мүлдем қатыспаған балалар футболда үлкен жетістіктерге жетіп жатады. Бұған әдістеме бойынша жеке әзірленген біздің жаттығулар ықпал етеді.

Менің балам қандай турнирлерге қатысады?

Балалар футбол орталығы – «Астана қаласының Футбол федерациясының» ресми құрылымдық бөлінісі. Жыл сайын біз 15-тен астам түрлі турнирлерді қабылдаймыз және өткіземіз, оның ішінде қалалық ірі жарыстарды да – Мектеп лигасын, жолдастық матчтар және футбол мектептері арасындағы турнирлер. Біздің әрбір тәрбиеленуші ресми турнирлерге қатыса алады.

Балаларды тасымалдайды ма?

Қазіргі уақытта бізде ондай қызмет қарастырылмаған. Егер сұраныс көп болса, біз қосымша төлемақы есебінен ұйымдастырамыз.

Менің баламның болашағы қандай?

Футбол – әлемдегі №1 спорт. Ол баланың толыққанды дамуына ықпал етеді, құрдастарымен әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға жәрдемдеседі. Бала ашылады, жаңа достар табады. Оның спорттық және кәсіптік қызығушылықтары пайда болады. Нәтижесінде ол жан-жақты дұрыс дамиды. Біздің оқушылар әрбір жарты жыл сайын «Астана» футбол клубында байқаудан өтеді. Келешекте біздің кез-келген тәрбиеленушіміз еліміздің беделді командаларының бірінде кәсіпқой футболшы бола алады.

Баламды футболға бергім келеді, алайда ол 5 жаста. Не істеуге болады?

Сізге біздің тегін сабаққа жазылу керек. Тәжірибелі жаттықтырушы баланың физиологиялық жағдайын және өз жасы бойынша даму деңгейін бақылайды. Егер дәрігерлік қарсы көрсетімдер болмаса және баланың дене дайындығы жақсы дамыған болса, біз балаларды 5 жастан баста та үйретеміз.

Бұл қаншалықты қауіпсіз?

Барлық балалар тәжірибелі жаттықтырушыларлдың бақылауында дайындалады. Сондықтан бізде жарақат алу тәуекелі төмен. Біз үйретуде жеке ыңғайдыұстанамыз және баланы еш уақытта ауыр дене жүктемесіне тартпаймыз. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасай келе, біз қайткенде де ата-аналарды кез келген спорт түрінде кездейсоқ жарақаттар болатындығын ескертеміз. Тәжірибелі жаттықтырушылармен жарақаттану деңгейі төмен. Біз жаттығу барысында балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз